• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Пәндік олимпиадалар

2024-02-02 | Жаңалықтар

Шәкәрім университеті мектеп оқушылары арасында «Шәкәрім гранты» жүлдесі үшін пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстар өткізілетінін хабарлайды. 

Пәндік олимпиадалар «Физика», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» және «Тарих» пәндері бойынша жалпы білім беретін орта мектептер мен лицей, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Олимпиадалар екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – онлайн форматта өтеді. Олимпиадаларға қатысу үшін өтініш беру, бірінші кезеңнің талаптарымен танысу және бірінші кезеңнің тапсырмаларын орындау пәндер бойынша көрсетілген сілтемеге өту арқылы жүзеге асырылады. 

Екінші кезеңге (офлайн) бірінші кезеңде жоғары ұпай жинаған үміткерлер ғана шақырылады. Екінші кезеңге жолдама алғандарға оның келесі кезеңге өткені, екінші кезеңнің өту мерзімі мен орны және талаптары туралы олимпиаданы ұйымдастырушылар тарапынан 29.01.2024 – 31.01.2024 күндері аралығында қатысушының электронды поштасына хабарлама жіберіледі. Бірінші кезеңнің нәтижелері ведомость түрінде университет сайтына www.shakarim.edu.kz. орналастырылады 

 

Пәндік олимпиадалардың өткізілу мерзімі:                                               

1-кезең: 22.01.2024 – 26.01.2024 аралығы. Онлайн форматта.

2-кезең: 05.02.2024 – 09.02.2024 аралығы. Офлайн форматта.

 

 

Олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға өтініш беру және 1-кезеңнің тапсырмаларын орындау үшін Google-форма 22.01.2024 – 26.01.2024 күндері аралығында ғана ашық болады.

 

Физика: https://forms.gle/6b6W2255apQWZ55r7

 

Бөлісу