• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Дәстүрлі биологиядан пәндік олимпиада

2024-02-07 | Жаңалықтар

2024 жылдың 07 ақпанында жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында дәстүрлі биологиядан пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аймақтарынан және Семей қаласынан оқушылар қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Олимпиаданың on-line бірінші турында 265 оқушы бақ сынасып, білім бәсекесінде 70 оқушы 2 off-line турға жолдама ұтып алды. Олимпиадаға биологияның ботаника, зоология, генетика, адам және жануарлар физиологиясы, молекулалық биология салаларынан тапсырмалар құрастырылды.

Тәуелсіз әділқазы алқасының құрамында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері және кафедраның ғылым кандидаттары олимпиаданың ашық әрі әділ өтуін қадағалады.  Сондай-ақ, олимпиадаға оқушыларын дайындап келген пән мұғалімдеріне б.ғ.к., доцент Г.С. Сапарова «Мета пәндік құзыреттіліктерді дамыту мұғалімнің тиімді тәжірибесінің кепілі», б.ғ.к., доцент В.А. Хромов «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту», аға оқытушы В.В.Полевик «Абай облысының флорасының алуан түрлілігі» тақырыптарында семинар өткізді. 

Олимпиада қорытындысы бойынша әділқазы алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

2 орын Карабеков А.А. «№10 ЖОББМ» КММ;

3 орын Аханова А. «Науалы орта мектебі».

«Ең шапшаң қатысушы» номинациясы Елтай Б.Б. «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия», «Ең зерек» номинациясы Скакова Н.А. «№25 ЖОББМ» КММ, «Зияткер» номинациясы Қабдиева Б.А. «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» берілді. 

Олимпиаданың off-line турына қатысқан оқушыларға сертификат, әр пән мұғаліміне алғыс хаттар ұсынылады. 

Бөлісу